Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы аудан әкімдері 100-ден астам көпбалалы отбасымен кездесті

Алматыда 2024 жылдың мамыр айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Кездесуге барлығы 104 көпбалалы отбасы келді. Кездесу барысында 118 мәселе көтерілді. Оның 81-іне түсініктеме берілді, кездесуден кейін 20 мәселе пысықталып, 17-сі қолға алынды.

Көпбалалы аналар көтерген негізгі мәселелер:

  • тұрғын үй алу (кезекке қою) - 25 (21%);
  • білім беру (балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, мектеп формасы) - 16 (14%);
  • денсаулық сақтау - 12 (10%);
  • әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық–түлік жиынтықтары) - 7 (6%);
  • ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) - 24 (20%);
  • жұмысқа орналастыру және бизнеске арналған гранттар - 1 (1%);
  • басқа мәселелер - 33 (28%).

Естеріңізге сала кетейік, аудан тұрғындарымен кездесу барысында өтініштің көптігіне байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесуін тапсырған болатын.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 05 Маусым, 2024 12:56
Талқылау