Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалына 90 миллиардқа жуық қаржы жұмсалады

Алматы Халықаралық әуежайында салынатын жаңа терминал құрылысына қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы әуежайында халықаралық рейстер үшін жаңа терминиал орнатылады

Алматыдағы әуежайдың жаңа терминалына қанша қаржы жұмсалатынын азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты. Сөзіне сүйенсек, бұл жұмыстарға 200 миллион доллар қарастырылған. Ол теңгеге шаққанда 90 миллиардқа жуықтайды. 

"Қазіргі уақытта 4 жоба іске асырылуда. Алматы әуежайында 200 миллион доллардан астам сомаға жаңа халықаралық терминалдың құрылысы жүргізілуде. 2024 жылдың жазында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 60 пайызды құрайды", - деді Ластаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде.

Бұдан басқа жеке инвестициялар есебінен Шымкент, Қызылорда қалаларының әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы және Үкіметтің резервінен Қостанайдағы әуежайдың аэровокзалын жаңғырту жұмыстары жалғасын тапқанына да тоқталды. 

Сонымен қатар ұшу қарқындылығын еселеу үшін авиакомпаниялармен бірлесіп, ұшақтар паркін толықтыру жоспары іске асырылып жатыр.

Олжас Нұржақып
Сейсенбі, 30 Мамыр, 2023 17:00
Талқылау