Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы “Ақкент” ықшамауданында тағы да өрт шықты

Алматыдағы “Ақкент” ықшамауданындағы 9 қабатты тұрғын үйде тағы да өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анықталғандай, зардап шеккендер жоқ.

"Ақкент" тұрғын үй кешенінің 5-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 19:29-да түскен. Өрт 0,8 шаршы метр аумақты шарпыған. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сағат 19.49-да жойылды.

"Зардап шеккендер жоқ. №2 өрт рангы расталмады", – делінген хабарламада.

Анықталғандай, сол жерде қысқа тұйықталу және түтін пайда болған.

Құтқарушылар азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 29 Тамыз, 2023 20:27
Талқылау