Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында жүргізуші капотқа мінген полицейді сүйреп әкеткен

көлік полицейді сүйреп әкетті

Видеодан скриншот

Алматыда жүргізуші полицейді көлікпен сүйреп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға түнде Алматы халықаралық әуежайының аумағын патрульдеу кезінде болған.

"Полиция қызметкері жол ережесін бұзғаны үшін көлікті тоқтатты. Жүргізуші заңды талаптарды орындаудың орнына құжаттарды көрсетуден бас тартып, агрессия көрсетіп, қашуға әрекеттенді. Автокөліктің қозғалуына кедергі келтірмек болған инспектор көліктің капотына шығып кетіп, жүргізуші оны бірнеше метр алға сүйреп кеткен", – деп хабарлады полиция.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Қазақстандық жүргізуші екі айда 131 рет жол ережесін бұзып рекорд орнатты


Астанада көлігіне 220 миллион теңге айыппұл салынған жүргізуші ұсталды


Сот шешімімен оған 30 АЕК (117 960 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Алматы полицейлері қызметтік міндетін атқару кезінде офицердің заңды талаптарын орындамау жай ғана тәртіп бұзушылық емес, қауіпсіздік пен құқық тәртібіне тікелей қатер төндіретінін баса айтады.

"Біз азаматтарды тәртіп сақшыларына құрметпен қарауға және мұндай оқиғаларға жол бермеуге шақырамыз. Заң бәріне бірдей. Қоғам мен полицияның ынтымақтастығынсыз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мүмкін емес", – делінген хабарламада.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 15:37
Талқылау