Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан

Алматыда күйеуімен бірге қару-жарақ дүкенін тонауған жүкті әйел де қатысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жетінші баласына жүкті әйел күйеуіне мылтық, тапанша, гильзалар және басқа да оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен.

"Тінту кезінде олардың үйінен тоғыз оқ, 2 мылтық, тапанша, патрондар, резеңке сойылдар, сапер күрегі мен радиостанциялар табылған" делінген хабарламада.

1996 жылы туған азамат Т. жеке үйінің алдындағы аумақта ұрланған қару-жарақ салынған пакеттерді көміп кеткен. Сондай-ақ күдіктінің мінген көлігі де анықталды.

"Ол кезде оның қасында оның әйелі болған, ол әрекетіне қылмыс жасауынан тосқауыл қоюдың орнына, ұрланған заттар салынған жәшіктерді көлікке тиеуге белсене көмектескен. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 291-бабының үшінші бөлігімен тәркіленген. Бұл бап бойынша күдіктілер 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары.

Берік Әбілбеков заттай айғақ алынды. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 21 Ақпан, 2022 20:49
Талқылау