Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі 9 жасар баланы байқамай басып өтті
Алматыда ЗИЛ көлігінің жүргізушісі 9 жасар баланы байқаусызда басып өтті.
Жүргізуші баланың жолға қалай құлағанын байқамады, деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.
Қайғылы оқиға Алғабас ықшамауданындағы Мөңке би көшесінде болды. Куәгерлердің айтуынша, бала велосипедпен тротуармен шығысқа қарай келе жатқан.
Көлік те сол бағытта жол бойымен жүрді. Кенеттен бала велосипедтен тура жолдың бойына, көп тонналық көліктің астына құлады.
Жүргізуші баланы басып өтті, бірақ көліктің өлшеміне байланысты ол бірден оны байқамады.
Зардап шегуші дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды. Полиция оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”