Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі адам қағып, қашып кетті

Алматыда 46 жастағы самокат жүргізушісін жүк көлігі қағып кетті. Жүк көлігін тізгіндеген азамат оқиға орнынан қашып кеткенімен, кейін оны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

фото

Куәгер Facebook-тегі "Алматы, хочу похвалить/пожаловаться" парақшасында болған жағдай туралы айтты.

"Кеше түнде қар жауа бастаған кезде тұман түсіп, ештеңе көрінбеді. Байқадамов көшесінде (Каблуков бұрышы) самокатпен жүрген әйелді қағып өлтірді. Жасы 50-ге де жетпеген болуы керек. Полция келіп өз ісін бітіремін дегенше, денесі жаңбыр астында жатты. Жүргізуші қашып кетті, ал камера әдеттегідей жұмыс істемеді.

Көрген оқиғадан кейін ұйқым қашып кетті. Үйінде балалары күтіп отырған шығар деп егілдім. Көңіл  күйім әлі де алай-дүлей. Бұрылыста белгі бар, неге көрмей қалды? Өте қауіпті бұрылыс, бағдаршам қажет. Жүргізушілер самокатпен жүргендерге жол бермейді", - деп жазды куәгер.

ЖКО туралы Алматы департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, апат 12 қарашада 20.35-те болған.

"Жүк көлігінің жүргізушісі Каблуков көшесімен солтүстік бағытта жүріп, Байқадамов көшесімен қиылысында оңға бұрылған кезде, 1974 жылы туған әйелді қағып кетті. Әйел велосипед жолымен солтүстік бағытта келе жатқан. Апат салдарынан ол оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда кейін ол ұсталды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция майоры Олжас Шәріпов.

Аталған факті "абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр