Алматыда жолға таласқан жүргізушілер бір-бірінің жағасынан алды (видео)
Алматыда екі көлік жүргізушісі төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті. Куәгерлердің сөзінше, жігіттер жолға таласып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға қаладағы Төле би көшесінің бойында 9 мамыр күні оырн алған. Екі адамның жаға жыртысы түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды.
"Жолға таласып қалды", - дейді видео авторы.
Бұл туралы қалалық ПД өкілдері пікірі білдірді. Қазір жарақат алған 24 жастағы азамат ауруханада екен.
"1993 жылғы алматылық азамат ұсталды. Қазіргі таңда тергеу барысында оған қандай шара қолдану керектігі жайлы талқыланып жатыр", - деді ПД өкілдері.
Атап кетерлік жайт, бұл жайт бойынша ҚР ҚК-нің 107-ші "Біреудің денсаулығына қасақана зардап келтіргені үшін" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн