Алматыда жол апатына ұшыраған көлік ағаш пен жарық бағанасының ортасында тұрып қалды (видео)
Фото: Әлеуметтік желіден
Алматыда жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жол апатына ұшырады. Автокөлік жолдан ұшып кетіп, ағаш пен жарық бағансының ортасында тұрып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты 1 тамыз күні сағат 19:40 шамасында Түрксіб ауданында болған.
“Daimler Chrysler автокөлігінің жүргізушісі Майлин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, ағаш пен көше жарығы бағанына соғылған”, – деп мәлімдеді полиция департаменті
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 30 жастағы жүргізуші қыз зардап шекті. Ол жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Жол апаты бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген