Алматыда жоғары лауазымды полицейдің қол астындағыларды ұрып жатқаны видеоға түсіп қалды
Алматыда жоғары лауазымды полицей қол астындағы қызметкерлерді ұрып-соққаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram әлеуметтік желісіндегі Kris_p_tdk парақшасында ақ футболка киген ер адамның полиция формасындағы азаматты ұрып жатқаны жайлы видео пайда болды. Видеоның астында Наурызбай ауданы полиция бастығының орынбасары қол астындағы жас қызметкерді соққыға жығып жатқаны жазылған.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.
“Тексеру барысында видео зерттеліп, мән-жайлар анықталатын болады. Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясымен кінәлі тұлғаларға қарсы қатаң шаралар қабылданады”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ