Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы жүкті келіншекті үш күннен бері іздеп жатыр

Алматыда 19 жастағы жүкті келіншек колледжге аттестатын алуға кеткен. Бірақ содан кейін үйіне әлі оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

қыз19 жастағы Дана Цейзер кондитер мамандығында оқыған. Ол жүктілігінің 6-аптасында екен. Жоғалмастан бұрын келіншек анасына хабарласып, жағдайы дұрыс екенін айтқан.
"Сол күні біз телефонмен сөйлестік, бірде байланыс үзіліп кетті. Сол күйі қайта хабарласа алмадым, телефоны сөндірулі. Жолдасымен тұрады. Ол да барлығы дұрыс болатын деп отыр. Қызымның осылай жоқ болып кетуіне не себеп болғанын түсіне алмадық. Бұрын кешігетін болса, хабарласып, алдын ала ескертіп қоятын. Қандай таксиге отырғанын да айтатын", - дейді Дананың анасы Роза Шевченко. 

Қызды іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер қосылды. Ол сол күні үйстіне ақ жейде, шолақ шалбар, көк түсті слипонмен болған. Дана жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден 8 705 806 5252 (Дананың анасы) нөміріне хабарласуды сұрайды.
 

Талқылау