Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жігіттерді аяусыз көлікпен қақты: Күдікті қамауға алынды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қасақана үш адамға соққы жасады деген күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол тергеу барысында екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

адамдар

Жандос Әлікеев 1995 жылғы, Тараз тумасы. Алматыда тұрады, орташа білім бар. Жұмыссыз, бойдақ. 2015 жылы жігіт бұзақылығы үшін сотталған. Кейіннен ақталып шыққан. Сол түні ол ақ түсті Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген. Ал інісі Дінмұхамед қара Toyota Avensis маркалы көлікті айдаған. 

Жандос Әлікеев сотта өзіне тағылған айыпқа еш келіспейтіндігін жеткізді. Оған 24-баптың 3-бөлігі, 99-бап 2-бөлігінің 1, 7, 9-тармақтары "Адам өлтіруге оқталу" бойынша айып тағылды. 

"Төбелес болғаны рас. Олар 20 адам болды. Біз бес-алты ғана адам едік. Достарымыз құлап жатты. Шок алдым, тіпті ол жерден кетіп қалғым келген. Сол үшін автокөлікке отырған болатынмын. Адам өлтіру ойымда болмады. Біз дүкеннен шығып келе жатқанда әлгілермен төбелес басталып кетіпті. Достарым Гагарин даңғылымен жүгіріп бара жатыр екен. Сол себептен де бірден кете алмадым. Көлікке отырғаным сол еді, біреуін қағып кеттім. Мені бас бостандығымнан айырмау туралы санкция сұраймын", - дейді ол.

Адвокат Әлікеевтің болған жағдайға өкінетінін атап өтті. Оның кішкентай сәбиі бар екенін ескерткен қорғаушысы, жаза ретінде жігітті кепілдікке алуды сұрады. Бірақ сот оны екі ай қамауға алуға шешті. 

Еске сала кетсек, 26 тамызда желіде үш адамды көлікпен мыжған видео тараған болатын. Ақ Toyota Camry көлігі біреуінің үстінен басып кете жаздады. Ал екінші Toyota Avensis үш адамды қасақана қаққан. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Омар Жәлел: Құдайға ең жақын адам - Илон Маск

Желі қолданушыларының бір тобы Илон Маск мұсылман емес деп шулады

Ауруханаға барар жолда демі үзілді: Ақтөбеде құрдастарымен төбелесте көз жұмған оқушының оқиғасы

Марқұмның әпкесі: Інім дүкнге кетіп, қайта оралмады

Еліміздегі екінші деңгейлі банктер мемлекеттен 4,8 трлн теңге қаражат алған

Біздің салығымыз өзімізге қайтадан несие беретін банктердің қалтасына кетті

Көпбалалы ана әлемдегі ең кішкентай егіздерді өмірге әкелді

Егіздердің салмағы 429 жіне 403 грамм болып туды

Ата-анасы лақтырып тастаған: Иттер жаңа туған нәрестені тірідей талап өлтірген

Полицейлер ен даладан нәрестенің сүйектерін тапты

Қаржыны игере алмағаны үшін: Смайылов министрлерді жауапқа тартуды сұрады

1 қаңтардан бастап шенеуніктерді әкімшілік жауапқа тарту енгізілмек

Анасы миксердің кесірінен ұлының алдында көз жұмды

Дәрігерлер әйелді құтқаруға тырысқанымен, мүмкін болмады

Алматыда тауда жоғалып кеткен турист қызды іздестіруді жалғастыратын болды

Туыстары іздестіру-құтқару операцияларын жалғастыруды сұрады

Анасы екі баласымен 9-қабаттан секіріп кетті: Дәрігерлер аман қалған бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты

Оның анасы мен қарындасы оқиға орнында тіл тарпай кеткен еді

Өмірінде кездесіп көрмеген: Кедей еркекке ғашық болған миллионер әйел оны түрмеден босатып алды

Ол сүйіктісін босату үшін, кепіл ретінде 2 миллион доллар төледі
Çàãðóçêà...