Желіде жастардың жаппай төбелесіп жатқан видеосы тарады
Атырау облысында жастардың жаппай жаға жыртысып жатқан видеосы тарады. Бейнежазба Құлсары қаласында түсірілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Stan.kz тілшісі облыстық полиция департаментінен оқиғаның мән-жайын білді.
"5 қыркүйек күні сағат 22:20 шамасында Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жанында топтасқан адамдардың төбелескені анықталып, жергілікті полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде барлық қатысушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Дене жарақатын алғандар және ауруханаға жеткізілгендер жоқ" дейді департаменттің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн