Алматыда жекеменшік мектеп жанында көліктен мәйіт табылды
10 желтоқсанда Алматыда сағат 08:30 шамасында Амангелді көшесі, 1 мекенжайындағы жекеменшік мектептің кіреберісінде Opel көлігінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
"Зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ ер адамның денесінің табылуы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған", – делінген хабарламада.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Түрксіб ауданындағы аулалардың бірінен 39 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы видео тараған еді. Белгісіз біреу пакетке келіншекті киімімен бүктеп орап, скотчпен байлап, ауланың жанындағы қуысқа тастаған. Бір апта бойы көп қабатты үйдің жанында жатқан сөмкенің ішінде адамның денесі барын ешкім байқамаған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды