Мәйіт пакетке оралған: Алматыдағы аулалардың бірінен әйелдің денесі табылды (видео)
Алматыда Түрксіб ауданындағы аулалардың бірінен әйелдің мәйіті табылғаны туралы видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Куәгерлердің айтуынша, мәйіт пәкетке оралған. Кадрлардан оқиға орнын полиция қоршауға алғанын көруге болады.
Алматы полиция департаменті ақпаратты растап, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оқиғаның мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", – делінген Алматы полиция департаментінің хабарласында.
Полиция қылмыстық-процестік кодекске сәйкес басқа мәліметтердің жарияланбайтынын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады