Басты жаңалықтар
Алматыда тәртіпсіздік кезінде жедел-жәрдем көлігіне жасалған шабуыл салдарынан 32 көлік істен шыққан
Алматы қаласында тәртіпсіздік кезінде жедел-жәрдем көлігіне шабуыл жасалған 12 іс тіркелген. Салдарынан 5 қызметкер жарақат алып, 32 көлік бұзылып, 4-еуі жарамсыз болып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ға сілтеме жасап.
Қалалық тіршілікті қалпына келтіруді қамтамасыз ету штабы жедел-жәрдем мен медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл жөнінде мәліметтер айтты.
12 шабуыл салдарынан 5 қызметкер 2 көлік жүргізушісі мен 3 фельдшер жарақат алған. Тәртіпсіздік салдарынан 32 жедел-жәрдем көлігіне залал келтірілген. Олардың терезе әйнектері сындырылып, фарлары, тағы басқа да бөліктері қираған. 4 көлік жарамсыз болып, мәйіттерді тасымалдау мен алаңға жөнелтілген 3 көлік кері қайтарылды.
Жедел-жәрдем тәртіпсіздік кезінде шақыртулар мен көмекке жүгінгендердің барлығына қызмет көрсеткен.
Талқылау

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
Сөзінше, бұл аналық бездің мерзімінен бұрын әлсіреп, сарқылуынан туындайды.

Автокөлікпен Алматыдан Парижге дейін: Қазақстандық ерлі-зайыпты алты баласымен 9 елді аралаған
Серғалым: "9 елді 11 күнде араладық"