Алматыда жаттығу залдары, СПА және бассейндер қашан ашылады?

Алматы әкімдігі келесі аптадан бастап қандай нысандардың ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

фитнес

"25 мамырдан бастап ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда нысандары, қонақ үйлер (хостелдерден бөлек), бұған қоса қоғамдық тамақтану орындары ашылады", - делінген ресми хабарламада. 

Әкімдіктің мәліметінше, 3 631 өндіріс орындары ашылып, 84,2 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Бұдан бөлек 138 сауда нысанның қызметіне қойылған шектеулер алынады. Атап айтсақ, сауда орталықтарының аумағында орналасқан бутиктер, сұлулық салондары, химиялық тазалау орындары және дәмханалардың жұмысы жанданады. Оларға түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. 

Сондай-ақ 25 мамырдан бастап үш мыңнан астам қоғамдық тамақтану орындары ашылады екен. 

"Қызметі жанданған нысандарда міндетті арақашықтық сақталып, тамақтану орындарында бір үстелде егер бір отбасы мүшелері болмаса, төрт адамнан артық отыруға болмайды. Олардың да жұмысы түнгі 23:00-ге дейін жалғасады", - деп қосты әкімдік өкілдері. 

Екінші кезекте сауда орталықтарындағы тамақтану орындары ашылатын болса, үшінші кезекте СПА, фитнес-орталықтар мен ойын сауық нысандарын ашу жоспарда бар екен. 

"СПА, бассейндер мен жаттығу залдарының қызметін жалғастыру қаланың эпидемиялогиялық жағдайына байланысты қаралатын болады", -делінген ресми хабарламада. 

Жаңа талаптарға сәйкес, ашылған жерлердің барлығында арақашықтық, қатаң санитарлық режим сақталуы тиіс. Облыстан қалаға келіп қатынайтындар үшін блок-бекеттерден өтуге рұқсат беріледі. 

 



 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр