Алматыда мектептің маңында жасөспірімнің асылып қалған денесі табылды
Алматыда 16 жасар жасөспірім итімен бірге серуендеуге шығып кетіп, үйіне қайта оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Іздестіру кезінде оның арқанға ілулі тұрған денесі Орбита-3 шағын ауданындағы №45 мектептің жанындағы спорт алаңынан табылған.
Қалалық полиция департаментінде хабарлағандай, аталған факті ҚР ҚК-нің "өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
"Қылмыстық іс бойынша өндірісті Бостандық ауданының полиция басқармасы жүзеге асырады. Адам өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мәйітті тексеру кезінде азамат З. , 2003 жылы туған, зорлық - зомбылық белгілері анықталмаған",- деді органда.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн