Алматыда жас жігіт жоғары қабаттан құлады: Оны әдейі итерген болуы мүмкін
Алматыда 25 жастағы жігіт 12-қабаттан құлап мерт болды. Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Қайғылы оқиға элиталық «Манхеттен» тұрғын үй кешені аумағында болды. Жас жігіт 12-қабаттан құлады. Оның аты-жөні мен жасы қалтасындағы жеке куәлігіне қарап анықталды. Полицейлер марқұмның туыстарына хабарласып, қайғылы хабарды баяндай алмай отыр.
Мәйіттің сау-тамтығы қалмаған. Соған қарап полицейлер оны әдейі итерген болуы мүмкін деген де болжам жасады.
Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жігіттің қалада не істегені, қандай жағдайда құлағаны анықталып жатыр. Іс өзіне қол жұмсау бабы болғанымен, басқа да күмәнді болжамдар бар.
Талқылау