Алматыда жартылай жалаңаш қыз көлік терезесінен шыққан: Жүргізуші жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерде көлік терезесінен денесін шығарған жартылай жалаңаш қыздың әрекеті қызу талқылануда. Алматы полициясында жартылай жалаңаш жолаушы болған көлік пен оның жүргізушісін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Тексеру Алматы қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тапсырылды. Мұндай әрекет жол бойында рұқсат етілмейтінін еске саламын”, – деді департамент басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов
Құқық бұзушы К. есімді 14.04.1997 жылы туған азамат болып шықты.
Ол 230, 590, 593 және 599-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылды. Жолаушы қызға қатысты тексеру жалғасуда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”