Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысында басталады

Алматыда халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысында басталады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Коронавирустан қорғанудың жалғыз сенімді тәсілі ол вакцинация. Сәуір айында 65 мың доза вакцинаның жеткізілуін күтеміз. Халықты жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысында бастау жоспарланып отыр. Бірақ кеше премьер-министр Асқар Маминмен кездесу барысында Алматы үшін 65 мың доза аз екенін талқыладық. Бізге індетке шалдығушылардың саны көбеюге байланысты вакцина квотасын ұлғайту керек. Үкімет басшысы рұқсатын берді, жақын уақытта квотаны қайта қарайтын боламыз", - деді Сағынтаев "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде. 

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе егу пункттері тек емханаларда ғана емес, ірі сауда орталықтарында да ашылады. Сондай-ақ, мобильді пункттердің жұмысы да ұйымдастырылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы әкімі қалада коронавирустың үшінші толқыны басталғанын мәлімдеді. 

Одан бөлек, Сағынтаев Алматының карантинге жабылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. 

 

 

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Наурыз, 2021 19:55
Талқылау