Алматыда және облыста блок-бекеттер қайтадан орнатылды ма: Полиция департаменті жауап берді
Әлеуметтік желілерде тараған Алматы қаласы мен облысындағы блок- бекеттерді қою туралы ақпарат жоққа шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаскелең, Ұзынағаш, Шамалған бағытында қайтадан блок-бекеттер қойылып, адамдардың жолда қалып, үйлеріне өте алмағаны туралы ақпарат тез тарап кетті.
Бұл ақпаратты Алматы облыстық және қалалық поиция департаменті растамады. Қала маңында, облыста блок-бекеттердің жоқ екенін айтты олар. Және алдағы уақытта блок-бекеттер қойылмайтыны белгілі болды.
Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі коронавирустық инфекцияның өсуі жағдайында күшейтілген карантиндік шаралар қабылданатындығын хабарлаған.
Айта кету керек, Алматыға кіру және одан шығу пункттері 1-маусымға қараған түні алынып тасталды.
Талқылау