Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа карантин талаптары күшіне енді

Алматыға бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова жаңа карантиндік шектеулер қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Asyq желісіне қосылған нысандарың жұмыс және демалыс күндері жұмыс істеуіне шектеу қойылмайды.

Білім беру ұйымдарында офлайн режимде сабаққа баруға рұқсат етіледі:

- ата-аналардың өтініші бойынша мектепке дейінгі мекемелерде;

- жалпы білім беретін мектептерде қоса алғанда 600 оқушыға дейін;

- бастауыш сыныптарда;

- 600-ден астам оқушысы бар мектептерде – 50%-дан аспайтын жүктемемен;

- мектептен тыс мекемелерде;

Колледждер мен университеттерде – аралас форматта: лекциялар – онлайн, практикалық сабақтар – офлайн;

Толық екпе алған оқушылардың оффлайн сабақтарын ұйымдастыру білім беру ұйымдары әкімшілігінің қарауында.

Коронавирусты жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар вакцинацияның толық курсын аяқтаған болса және екінші дозадан кейін алты айдан аз уақыт өтсе, карантинге жатқызылмайды.

Талқылау