Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматыда 2 маусымнан бастап Дария шағын ауданынан Шаймерденова көшесіне дейін жаңа автобус бағыты ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус

Дария шағын ауданы - Шаймерденова көшесімен қатынайтын №39-ыншы жаңа маршрут Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есеп беру кездесуінде азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып ұйымдастырылды.

"Аталған бағыт Қарғалы, Қарағайлы шағын аудандарының тұрғындарына келесі трассамен көліктік қолжетімділікті ұсынады: Жандосов – Шаймерденова - Кенесары хан - Нәжімеденов – Кәрібай хан - Тәжиев көшелері - Дария шағын ауданы", - делінген хабарламада.

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 01 Маусым, 2020 12:38
Талқылау