Алматыда жалған ПТР анықтамасын сатқан медицина университетінің студенті ұсталды
Алматыда жалған ПТР нәтижесін сатқан медицина университетінің студенті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде медициналық қызметкер болып жұмыс істейтін 25 жастағы Х.есімді медицина университетінің студенті ұсталды.
“Бізге келіп түскен жедел ақпаратты біз бірнеше күн бойы тексердік. Нәтижесінде бұл ақпарат расталды. Күдікті өз қызметін 20 мың теңгеге бағалаған. Аталған факт бірыңғай сот алды тергеу реестріне ҚР ҚК 385-бабы 1-тармағы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін толық мойындап отырған Х.есімді азамат тек қана бір рет жалған ПТР нәтижесін жасағанын алға тартып отыр. Тергеу барысында оның қанша адамға жалған құжат дайындап бергендігін анықтайтын боламыз”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД-нің криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”