AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалаңаш самокат тепкендер 10 тәулікке қамауға алынды

Алматы полициясы самокатқа жалаңаш мініп, видео түсірген адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жалаңаш самокат тепкендер

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, киімсіз самокат тепкен ерлі-зайыптылар қамауға алынды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы қаласының жолдарында киімсіз жүрген 1997 жылы туған азамат М. мен 2003 жылы туған азамат Г.-ға қатысты сот отырысы өтті.

"Бостандық ауданының полиция бөлімімен құқық бұзушылар анықталып, ұсталып, олардың әдепсіз әрекеттері ҚІЖК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша сарапталған. Жастардың әрқайсысына 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар,"Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі 1994 жылы туған азамат К.-ға қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылғанын айта кетейік. Оның көлігінен азаматша А. жалаңаш адамды видеоға түсірген", - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Ержан Ұзабаев.

Атышулы видеоға қатысушылар жұртшылықтан кешірім сұрады.

"Қоғамнан кешірім сұраймын, оның салдары туралы ойлаған жоқпыз, істегеніме өкінемін, барша жұртшылықтан кешірім сұраймын", - деді жігіт видео үндеуінде.

"Мен өз әрекетім үшін жұртшылықтан кешірім сұраймын және өз кінәмді мойындаймын. Ақымақтық жасап, салдарын ойламадық. Бұдан былай мұндай жағдай қайталанбайды", - деп өкінді бойжеткен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр