Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жағдай нашар: Алматы әкімдігі коронавирус өршіді деп дабыл қақты

Алматы қаласының әкімдігі коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлағаны туралы айтты. Қалада карантиндік шаралардың сақталуы қатаң бақыланатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров инфекция жұқтырғандардың көбеюіне байланысты аудан әкімдіктерінің басшылығына бақылау топтарының санын көбейтуді тапсырды.

"Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша инфекцияның репрезентативтілік коэффициенті бірден асып, аурушаңдық деңгейі соңғы 7 күнде халықтың 100 мыңына шаққанда 47,5 адамды құрады. Жаңа жағдайлардың 23 пайызы сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде, 22 пайызы қоғамдық көліктерде орын алады", - деп хабарлады әкімдік.

Алматыда әуежайда санитарлық нормалардың сақталуын бақылауға ерекше назар аударылатын болады. 6 наурызда халықаралық рейстермен келген 517 адамда ПТР сертификаты болмаған. 8 наурыздан 9 наурызға қараған түні 200-ден астам жолаушы сертификатсыз келді.

Сондай-ақ, кафелер мен мейрамханаларда санитарлық нормалардың бұзылуы анықталады.

"Жалпы алғанда, 1 наурыздан бастап мониторингтік топтар 800-ге жуық нысанды тексерді, оның 67-сінде карантиндік талаптарды бұзушылықтар анықталды. Құқық бұзушылық фактісі бойынша заңды және жеке тұлғаларға 100-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді ол. 

Талқылау