AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы Алматыдағы заңсыз ойын автоматтарын жою жұмыстарына атсалысты

Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп келген 6 мыңға жуық ойын автоматтары тәркіленді. Көлеңкелі кәсіпке шектеу қою үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясымен бірігіп, заңсыз қойылған автоматтарды жоюды бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лотерея бизнесінің танымалдығы елімізде жылдан жылға артып бара жатыр. Ресми деректерге сүйенсек, "Лотерея және лотерея қызметі туралы" заң қабылданбай тұрып, ел аумағында заңсыз жұмыс істеген ойын автоматтарының саны 20 мыңнан асып, көлеңкелі кәсіптің жылдық табыс айналымы 54 млрд теңгеге жеткен. Мамандар мұның мемлекеттік бюджетке айтарлықтай әсер еткенімен қоса, түскен табыс экстремистік және қылмыстық әрекеттерді қаржыландыруға жұмсалып келгенін айтады.

"Биыл 5 айдың ішінде департамент 15 сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, оның 12-сі сотқа жіберілді. 2021 жылы осындай 27 құқықбұзушылық тіркеліп, сот хаттамасы толтырылып, заңсыз айналымнан тәркіленген 100-ден аса ойын терминалдары жойылды. Биыл Қазақстан бойынша заңсыз ойын бизнесінің қызметін анықтау және жолын кесу кезінде 6 мыңнан аса техника тәркіленіп, 241 қылмыстық іс қозғалған. Заңсыз ойын автоматтарын жүргізген азаматтарға Қылмыстық кодекстің 37-бабында 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді Алматы облыстық Экономикалық тергеу департаментінің жедел басқарма басшысы Ерлан Ақынбаев.

сатти жулдыз 3 2022

Экономикалық тергеу департаментінің дерегінше, заңсыз ойын автоматтарын орнатушылар салықтан жалтарады және көбінде ұтыс өткізуге арнайы лизенциялары жоқ. Сонымен қатар олардың көпшілігі Алматы қаласында орналасқан.

Lotomatic терминалдарын заңсыз автоматтардан қалай ажыратуға болады?

"Сәтті Жұлдыз” АҚ Коммуникация департаментінің директоры Нұрлан Мұхамеджанов заң аясында жұмыс істейтін Lotomatic терминалдары  әрбір төлем үшін фискальді түбіртек беретінін айтады. Ал заңсыз құрылғыларда мұндай қарастырылмаған көрінеді. Егер қолданушы түбіртек түріндегі ақпаратты алмаса, онда бұл құрылғы заңсыз жұмыс істеп тұр дегенді білдіреді.

сатти жулдыз 4 2022"Lotomatic жобасын бастаудағы негізі мақсат - қазақстандықтарға электронды лотереяны ресми түрде ұсыну. Lotomatic терминалдарын ажырату оңай. Құрылғының түсі сары-көк болады, міндетті түрде логотип жапсырмасы мен сәйкестендіру нөмірі болады. Ал терминалда қолжетімді QR кодын басу арқылы ұлттық лотереяның ресми сайтына өтуге болады. Сондай-ақ, Lotomatic автоматтары ғаламторға қосылмаса жұмыс істемейді. Ал заңсыз орнатылған ойын автоматтары желіден тыс жұмыс істей береді", - дейді Нұрлан Мұхамеджанов.

Мұхамеджанов заңсыз автоматтармен күрестің жүргізіліп келе жатқанына бес жылдан асқанын айтып, алдағы уақытта да көлеңкелі кәсіпке шектеу қою шаралары жалғаса беретінін жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр