Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі
Алматыда сот заңсыз салынып жатқан "Жайсан" тұрғын үй кешені сүру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне сәйкес, тұрғын үй кешені Наурызбай ауданындағы Ақжар шағынауданында салынып жатыр.
"Бұған дейін нысанда тексеріс жүрген. Тапсырыс берушіні Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 316, 321 және 463-баптары бойынша жауап тартқан. Салынып жатқан нысанды сүру туралы шағым сотқа жіберілген. Бүгін шағым қанағаттандырылды. Заңды күшіне енуі күтіледі", – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”