Алматыда ұшақ қызметкері 27 миллион теңге тұратын криптовалютаға арналған құрылғыны ұрлап кеткен
Әуе кемесінің бортсерігі ұшақтың зат қоймасынан жүйелі түрде жүктерді ұрлауды әдетке айналдырған, деп мәлімдеді ІІМ Көліктік полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы халықаралық әуежайының полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаумен айналысатын әуе компанияларының бірінің бортсерігін әшкереледі.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдікті тасымалданатын жүк қоймаларына еркін қол жеткізе отырып, әуе кемесінің жүк қоймасынан бірнеше рет зат ұрлағаны анықталды. Атап айтқанда, ол жеке материалдық мақсатта пайдалану үшін криптовалюта өндіруге арналған жабдықтарды қолды қылған.
"Келтірілген жалпы шығын көлемі 27 миллион теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді" ,- делінген көлік полициясының мәліметінде.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ