Алматыда ұрланған көлік Шымкент қаласынан табылды
Алматыда "Дарабоз" шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан "Хюндай" көлігі ұрланған. Іздеу жұмыстары кезінде көлік Шымкент қаласынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға шағымданған әйел көлігінің 4 сағатта жоғалып кеткенін айтқан.
"Күдікті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ол көліктің нөмірін ауыстырған. Күдік тудырмас үшін қаскөй ұрланған көлікке дәл сондай "Хюндай" көлігінің нөмірін орнатқан. Күдікті Шымкентте ұсталды", — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Ұсталған жігіттің айтуынша, көлікті ұрлауға жәбірленушінің 2000 жылғы ұлы тапсырыс берген. Күдікті мен көлік иесінің ұлы дос болып шықты.
Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицияның болжамынша, жастар сақтандыру төлемін алу үшін ұрлықты алдын ала жоспарлаған болуы мүмкін.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн