AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұлттық парк аумағында жасырылған қару-жарақ пен қаражат табылды

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұсталған бүлікшілер кінәсін мойындап, ұрланған заттарды жасырған жерді көрсетті. Бұл жолы жасырын орын ұлттық парк аумағында, орман белдеуінде орналасқан. Тапаншалар, патрондар, полиция киімдері салынған пакеттер жердегі кәрізге жасырылған.

"Үш тапанша, бір жауынгерлік және 15 граната, Макаров тапаншасынан 100-ден астам патрон, Калашников автоматынан – 107, аңшылық мылтықтан – 16, екі оқ өтпейтін жилет, газқағар, радиостанция, полиция формасы, камуфляждық сөмке, сондай-ақ 2 400 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды", - деп хабарлады полиция.

Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұған дейін 9 наурызда полиция қызметкерлері Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың ірі көлемін анықтады. Олар қару-жарақ дүкенін тонау кезінде қолды болған. Қару-жарақ жасырылған жерді көліктегі полицейлер анықтады.

Дүкен тонады деген күдікпен Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұсталды. Билік бұл азамат Алматы әуежайындағы жаппай тәртіпсіздікке де қатысты деп санайды. Оның тұрғылықты мекенжайынан екі пышақ пен бір пневматикалық тапанша тәркіленді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр