Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр: Қай көшелер жабылады

Алматы әкімдігі 6-12 маусым аралығында қала жолдарында велоспорттан Азия чемпионаты өтетін орындарда көлік қозғалысы жартылай жабылатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

6, 7 және 8 маусым күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Момышұлы көшесінің "Алматы Арена" кешенінен солтүстік бағыттағы Сайн көшесіне дейінгі бөлігінің батыс жағындағы көлік қозғалысы шектеледі.

Жолдың шығыс жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

“9, 10, 11, 12 маусымда Момышұлы көшесінің батыс жағындағы “Алматы Арена” кешенінен “Алматы” индустриялық аймағына дейінгі бөлігінде жолдың шығыс жағындағы көлік қозғалысын жабу ұйымдастырылады”, – деп хабарлады әкімдік.

Жолды жабу кестесі:

  • 9 маусым – 09:00-ден 18:00-ге дейін;
  • 10 маусым – 07:00-ден 11:00-ге дейін және 12:00-ден 16:30-ға дейін;
  • 11 маусым – 07:00-ден 13:00-ге дейін;
  • 12 маусым – 09:00-ден 14:30-ға дейін.

“Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жолын алдын ала жоспарлауды сұраймыз”, – деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Талқылау