AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үйі өртенген 50 тұрғын спортзалда түнеуге мәжбүр

Алматыда үш қабатты үй отқа оранып, 50 шақты тұрғын мектептің спортзалында түнеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Тал түсте тұтанған отты жұрт тез байқап, өрт сөндірушілер де дер кезінде жеткен. Соның өзінде 250 метр жерді шарпып үлгеріпті.

Бір мезетте далада қалған тұрғындар басының амандығына шүкір етіп отыр. Өрттің шығуына отпен ойнаған бала себеп болған көрінеді.

Өрт үш қабатты жатақхана іспеттес үйдің екінші қабатынан тұтанып шатырына дейін тараған. Тұрғындар лапылдап жанып жатқан пәтерлерінің терезесінен секіріп аман қалыпты. Ал жоғарғы қабаттағылар сатымен түскен. Арасында жүкті әйелдер де болған.  

“Үйдің бәрі түтін болып кетті. Елдің бәрі айқайлап, "өртеніп жатыр, қашыңдар" деді. Сонымен екі кішкентай баламмен ды сыртқа жүгіріп шықтық. Ар жақтың барлығы өртеніп кетіпті. Бір екіқабат әйелді секіртіп түсіртіп алдық. Біреуі секіріп еді, жедел жәрдем алып кетті”, – дейді Бәйділдә Әбділдәев.

Бұл үйдің иесі бір адам. Ал қалғаны соны жалдап тұрады. Өрттен кейін 48 адам сол маңдағы мектептің спортзалында түнеген. Жергілікті билік екі мезгіл ыстық тамақ пен киім-кешек беріпті. Бірақ тұрғындардың көбіне бұл үйге қайта оралу енді екіталай.

“Баратын жеріміз жоқ. Спортзалда жатырмыз. Кешеден бері әкімдік жәрдем беріп жатыр. Алатау ауданының. Енді бізге шық деп тұр, дәл қазір. Қайда барамыз екі баламен? Екінші қабаттан секірдім. Аяғым істеп тұрған жоқ. Бірақ қожайын жағдайымды сұрамай, "затыңды жина да, шық" деп тұр. "Ақшаңды төлемегенсің" дейді”, – дейді Айнұр Сафарова.

Өртті сөндіруге 58 құтқарушы жұмылдырылған. Олар отты бір сағатта өшіргенімен, жалын 250 шаршы метр жерді шарпып үлгеріпті. Жанып жатқан ғимараттаналты газ баллоны дер кезінде шығарылған.  

“Шағын бизнес кәсіпкерлігі бойынша бұл нысанға өрт қауіпсіздік саласында тексеріс жүргізілген жоқ. Бүгінгі таңда құжаттардың барлығы тексерілуде. Содан кейін шешім қабылданатын болады. Жас баланың абайсыз от қою себеп болған. Қасақана от қою себебі де қарастырылуда”, – дейді Алатау ауданы ТЖБ бастығы Нұрлан Таубеков. 

Үйдің бірінші қабаты техникалық қызмет көрсету орталығы болса, екінші мен үшінші қабатындағы бөлмелер жалға беріледі. Енді сол бөлмелердің өзіне зар болып қалған тұрғындарға әкімдік көмек беру мәселесін қарастырып жатыр.

“Қазір пәтер мәселесін қарастырып жатырмыз. Және де осы үйдің иесі Жайнақов Дәулет деген кісі де осы айналадан пәтер қарастырып жатыр. Егер пәтер табылып жатқан жағдайда оларды көшіреміз. Пәтердің иесі алдын ала төленіп қойған ақшасын сол жаққа аударатын болады”, – дейді Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Қанат Әшірбеков.

Сол пәтер табылғанша, баспанасыз қалған жұрт тағы да спортзалда түнеуге мәжбүр. Ал өрт дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр