Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үшінші рет SXODIM FEST 2024 фестивалі өтеді

15 маусымда Алматыда Первомайский тоғандарында жыл сайын көптен күтетін жазғы фестиваль - SXODIM FEST өтеді. Өткен жылы фестиваль 9 000 астам көрерменді жинап, БАҚ тарапынан "қазақстандық Coachella" деп аталды. Бұл жолы SXODIM FEST несімен таңғалдырады?

Музыка: Фестивальдің концерттік бағдарламасынан сүйікті қазақстандық және шетелдік әртістердің жанды дауыста жалынды өнерлерін тамашалай аласыз. Биыл сахнада Feduk, Pompeya, Fly Project, 104, Sadraddin, Yenlik, JANEL және CAPTOWN өнер көрсетеді.

Көңіл көтере аласыз: Фестиваль алаңында қонақтар қаланың ең үздік стендаперлерін тыңдай алады, үстел ойындарын ойнай алады, Taro шатырларынан болашағын болжатып, шеберлік сабақтарына қатыса алады, ал Safe Dating сессияларында жаңа достар таба алады. Сонымен қатар, Sxodim Fest серіктестері сізді бір минутқа жалықтыруға мүмкіндік бермейтін көптеген басқа ic-шаралар дайындап жатыр.

Тағам: Өткен жылмен салыстырғанда көлемі екі есеге ұлғайған фуд-аймағымызда қаладағы ең жақсы мейрамханалар өз тағамдарын ұсынады. Кез келген адам кезекте тұрмай-ақ өз талғамына сай бірдеңе табады.

Релакс: Біз мұндай ауқымды іс-шараларда тыныс алудың қаншалықты маңызды екенін білеміз, сондықтан SXODIM FEST-те қонақтар демалуға және күш-қуат алуға болатын арнайы салқындату аймақтары болады.

Трансфер: Біз өткен жылдың барлық қателіктерін ескеріп, трансферді оданда ыңғайлы етіп жасадық! Ыңғайлы автобустар сізді фестивальге апарып және қайта қалаға алып келеді, сондықтан сіз тұрақ табу туралы алаңдамайсыз.

Ұйымдастырушылар: SXODIM FEST шарасын Sxodim Events іс-шара командасы ұйымдастырады. Sxodim Events – Sxodim Group медиахолдингінің жаңа бөлімшесі, оның құрамына "Давай сходим", Qumash, Almaty Today, Astanovka98, Shymkent Online, Bishkek Online және басқа да БАҚ жобалары кіреді.

Қосымша ақпарат пен билеттерді fest.sxodim.com сайтында сатып алуға болады

Біз сізді SXODIM FEST 2024 фестивалінде асыға күтеміз!

Талқылау