AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлдебіреулер жас жігітті күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен

Әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің жас жігітті күштеп көлікке отырғызбақ болғаны көрінетін видео пайда болды. Алматы полиция департаментінің қызметкерлері видеоны тексерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде адам ұрлауға ұқсайтын сәт бейнеленген видео жарияланды. 

Кадрда бірнеше белгісіз адамның жас жігітті көлікке күштеп отырғызбақ болғаны көрінеді. Ол өз кезегінде қарсылық көрсетіп, көмек сұрап айғайлайды.

Шабуылшылардан тойтарыс беруге тырысқан жігітке көмекке оқиға куәгерлері жетіп, тіпті оны ұрлап бара жатыр деген көліктің нөмірін түсіріп, полиция шақырған. Жағдайдың қалай аяқталғаны белгісіз, себебі видео соңына дейін түсірілмеген.

Алматы полиция департаменті видеоны мұқият зерттеп, көлік иесін тапқанын хабарлады.

"Алматы қаласының 51 жастағы тұрғыны өзін алдап, ақшасын иемденіп кеткен азаматты ұстамақ болғаны анықталды. Ол 10.06.2022 жылы полицияға арызданған. Белгілі болғандай, соңғы рет түнде күдіктіні кездестіріп, оны ұстауға әрекеттенген, алайда жегіт қашып кеткен",  – деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды жалғастыруда. Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға барлық қатысушылардың жауапкершілігі туралы шешім қабылданады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр