Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғындар түтін мен иіске шағымданған соң 4 дәмхана жауапқа тартылды

кәуап пісіретін дәмханалар жауапқа тартылдыФото: pikabu.ru

Алматыда тұрғындардың түтін мен иіске шағымданғаннан кейін Медеу ауданындағы төрт кәуап пісіретін орын жауапқа тартылып, біріне қатысты іс сотқа жіберілді. Жалпы сомасы 1,2 миллион теңгеден асатын айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматыда Медеу ауданының кәуап пісіретін орындарында экологиялық және санитарлық талаптардың бұзылуы анықталды. Медеу ауданындағы бірнеше шашлық үйінде экологиялық және санитарлық талаптардың бұзылуы анықталған. Бұзушылықтар төрт объектіде тіркелген, олардың біреуіне қатысты материалдар сотқа жолданған. Штраф сомасы 1,2 миллион теңгеден асқан.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, "Eco Almaty" ЖШС экологтары мен табиғатты қорғау полициясы Қабанбай батыр көшесі, 8 мекенжайындағы "Грузинский двор" және 15 мекенжайдағы Modi дәмханасында қатты отынды қолдануды тіркеген. 

Жергілікті тұрғындар түтін мен иіске шағымданған. Иелеріне қатты отынды қолдануға тыйым салынғаны және газбен жұмыс істейтін жабдыққа фильтр орнату қажеттігі ескертілген.

"Қаладағы қоғамдық тамақтану орындары мен моншаларға тексерулер үнемі жүргізіледі. Бақылаудың мақсаты тұрғын аудандардағы шығарындыларды азайту және санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету болып отыр", – деп қорытындылады әкімдік.


Бір жылда екінші рет: Түркістанда суши-пицца дайындайтын кафеде тағы да 14 адам уланды


"Насыбай қосылған Cola": Семейдегі мейрамханалардың бірінде келушілер газдалған сусының ішінен белгісіз зат тауып алған


Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында тойға барған қонақтар жаппай тамақтан уланып, 85 адам ауруханаға түскені туралы жазған едік. Олардың үшеуі емделуден бас тартқан. Зардап шеккендер арасында жеті бала бар.

Айым Атамбаева
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 14:35