Алматыда тұрғындарға карантинді бұзғаны үшін айыппұл салатын алаяқтар пайда болды
Алматыда алаяқтар өздерін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырып, қала тұрғындарына бетперде режимі мен карантинді бұзғаны үшін айыппұл салып жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы онлайн-брифинг барысында мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
"Қалада бір топ, жас жігіт және бір қыз жұмыс істейді. Олар өздерін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері деп таныстырады. Егер бұзушылықтар анықталса, олар ақша талап етеді. Мұндай жағдайда ресми куәлікті талап ету керек. Мұндай алаяқтар бар екенін ұмытпауымыз керек", - деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, ол мұндай жағдайлар туралы ақпаратты тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне беруді сұрады.
Бұған дейін Бекшин Алматыда коронавирус індетінің жұғу деңгейі төмендегенін хабарлады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн