Алматыда Alma TV абоненттері интернетсіз қалды: Компания пікір білдірді
Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғындары Alma TV спутниктік операторының Интернеті мен телеарналары жұмыс істемей қалғанына шамданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоғам қайраткері, белсенді Ибраш Нүсіпбаев Facebook парақшасында Alma TV-дің Медеу ауданы бойынша жұмыс істемей қалғанын мәлімдеді. Айтуынша, офистері байланысқа шықпаған.
“Ұзынқұлақтардың айтуынша, онда бәрі тарап, сұмдық болған. Жаңа кабельді телевидение мен оператор іздеу қажет болды ғой”, – деді Нүсіпжанов.
Басқа тұрғындар да бұл сөзді растады.
“Наурызбай ауданында төрт күн жұмыс істемеді”, “Погранучилище ауданында бір тәуліктен бері теледидар да, интернет те көрсетілмейді”, 90-жылдардағы сияқты, өмірі қатып қалады, не үшін төлеп жатырмыз? Айына орташа есеппен 5000 төлейміз, ал есесіне сапасыз қызмет аламыз. Масқара”, деді алматылықтар.
Alma TV-нің ресми өкілі Алма Советқызы 11 қыркүйек күні энергиямен жабдықтау желісінде апат болғанын мәлімдеді.
“Өкініштісі, бұл біздің жабдықтарымызға зақым келтірді, бұл интернет пен теледидардың үйлерге/пәтерлерге сигнал беруіне әсер етті. Электр энергиясын қалпына келтіргеннен кейін біздің техникалық мамандар қызметтерді қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде
Компания мамандары бұл жағдайды мүмкіндігінше тезірек шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды”, – деді ол.