Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғын үй кешені ауласында жанжал шығып, 2 жігіт пышақ жарақатын алды

Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласы Ақсай 5 шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында бір топ адам 2 жігітті пышақтап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған жағдай 18 мамыр күні болған. TikTok әлеуметтік желісінде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан бір топ адамның әуелі сөйлесіп тұрғанын, артынша топ болып төбелескенін көруге болады. Тағы бір видеодан полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігін көруге болады. 

Желі қолданушыларының айтуынша, оқиға Ақсай 5 шағын ауданындағы Үш сұңқар тұрғын үй кешенінде болған. 

@erzhann023 Ответ пользователю @I ♬ оригинальный звук - erzhann023

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді. 

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 



“Әуезов аудандық полиция басқармасы суық қару қолданып, бұзақылық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасында туындаған жанжал салдарынан қатысушылардың бірі екі қарсыласын пышақтап кеткені белгілі болды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Күдіктілердің жеке басы анықталды”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ қазір аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде мотоцикл жүргізушісін пышақтап кеткені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 12:21
Талқылау