Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда туғанына 10 күн болған нәресте коронавирустан айықты

Алматыда 239 бала коронавирустан емделген. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сәби

"Covid-19 инфекциясымен күрес басталғалы бері Алматыда 239 бала коронавирустан емделіп шықты. Балалар арасында өкпе қабынуы болды. Дегенмен көбі жеңіл немесе орташа ауыр түрімен ауырды. Балалардың барлығы дін аман. Қазір 9 бала ем қабылдап жатыр. Қал-жағдайы бірқалыпты", - дейді Ержан Сералин.

Сералиннің айтуынша, күні кеше ауруханадан туғанына 10 күн болған сәби шығарылыпты.

"Кеше 10 күндік баланы шығардық. Бірнеше күнге созылған ем-домнан кейін анасы екеуінің ПТР-тестілеуі таза болғандықтан ауруханадан шығардық", - деді ол.

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 21 Шілде, 2020 14:22
Талқылау