Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тоғыз түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды

Алматыда Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 9 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҰБТ

Бұл туралы Алматы қалалық білім сапасын қамтамасыз ету басқармасының басшысы Гүлнәр Ермекбаева айтты.

"Алматыда ҰБТ басталғалы бір апта ішінде 1300-ге жуық түлек сынақтан өтті. Мегаполистің үш тестілеу орталығында 9 заң бұзушылық анықталды. Емтихан тапсырушылардың бірі тест тапсырмаларын шығарып, таратпақшы болды. Қалғандары телефон арқылы қашықтан жауап алуға тырысты. Тоғыз түлектің нәтижесі жойылды. Оның үстіне олар енді екінші мүмкіндігін пайдалана алмайды", – дейді Гүлнар Ермекбаева.

Оның айтуынша, биылдан бастап талапкерлерге ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік берілген. Екі опциямен де профильдік пәндердің бір ғана комбинациясын таңдауға болады.



Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталады. Осы уақыт аралығында өткен жылдардағы мектеп түлектері, ТЖКБ, шартты және кандидаттар да қатысуға құқылы.

"ҰБТ ережесін бұзған жағдайда тестілеу нәтижесі тез арада жойылады, талапкерге екінші мүмкіндік берілмейді. Бірінші сынақтан сәтті өтіп, екінші мүмкіндікте белгілі бір ережелер бұзылса, екі нәтиже де жойылады, түлек конкурсқа қатыса алмайды", – деп түсіндірді спикер.

Биыл Алматыда 12 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді. Елордада 287 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік, 80-і жекеменшік. 1-11 сынып оқушыларының саны 300 мыңға жуық баланы құрайды.

Талқылау