Алматыда төбелестің арты атысқа ұласқан: Оқиғаға жауаптылардың тағы бірі ұсталды
Алматыда арты атысқа ұласқан төбелес ұйымдастырған тағы бір кінәлі азамат қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті – 26 жастағы азамат.
"Бұл жігіт қарсыласы – 37 жастағы Ж. есімді ер адамның аяғына пышақ сұққан. Сөйте тұра қылмыс орнынан қашып кеткен. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әлдебіреулердің атыс ұйымдастырғаны жайлы айтылған еді. Бір адам аяғынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға 3 маусымда 21:00 шамасында орын алған.
Талқылау