Алматыдағы төбелес кезінде полиция капитанын пышақтап кеткен
Алматының Алатау ауданында 12 қарашаға қараған түні төбелес болып, полиция қызметкерін пышақтап кеткен. Қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Telegram-арналардың бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, қаладағы дәмхананың маңында төбелес болған. Жанжал кезінде пышақ жарақатын алған полиция капитаны ол кезде қызметте болмаған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Нидерландыда матчтан соң израильдік жанкүйерлерге шабуыл жасалғаны туралы жазған едік.
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ