AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық азамат қайтыс болғандар тізіміне қосылып кеткен

Алматы тұрғыны бір жыл бойы қайтыс болғандар тізімінде жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық прокуратура мәліметінше, 2019 жылы Б. есімді әйел жалған құжат жасаған. Ол өз құрбысы А-ның жеке куәлігіне өз суретін жапсырып алған. 2021 жылдың қыркүйегінде Б. ауруханада көз жұмады. Осыдан кейін Түрксіб ауданының АХАТ бөлімі оның деректерін "қайтыс болды" деген базаға енгізген.



"Осы кезден бастап әйел адам мемлекеттік қызметтерді, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті пайдалануға мүмкіндігінен айырылған. Өйткені ол барлық органда қайтыс болғандар тізімінде жүрген", – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Осыдан кейін азаматша прокуратураға жүгініп, барлық мән-жайды тексерулерін өтінген.

"Сотқа өз бетінше жүгіну мүмкін емесін ескере отырып, Түрксіб ауданының прокуратурасы арызданушының мүддесін көздеп, қайтыс болғаны туралы жазбаның күшін жою туралы арызды сотқа жолдады. АХАТ талап арызды мойындады және өлім туралы жазбаны жойды", – деп толықтырды ведомство өкілдері.

Нәтижесінде, құжатты қолдан жасау фактісі бойынша полиция соталды тергеуді бастады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр