Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірқатар көше жабылды
Алматыда террористерге қарсы операция жалғасып жатыр. Осыған байланысты бірқатар көше уақытша жабылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Террорға қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты, бүгін 19 қаңтар күні келесі аймақтарда жол қозғалысы уақытша жабылады:
- Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта;
- Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта;
"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.
Айта кетейік, Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағат аяқталды. Алайда Алматы аумағында антитеррорлық шара режимі және терроризм қаупінің "қызыл" деңгейі сақталады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"