Алматыда тергеу изоляторының басшысы ұсталды
Алматыда тергеу изоляторының басшысы Мұратжан Кәкімжанов ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Президентке хат" Telegram арнасында ұлттық қауіпсіздік комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс аясында Алматы қалалық тергеу изоляторының бастығын ұстағаны туралы ақпарат пайда болды.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ұстау туралы ақпаратты растады.
Шымкентте 370 миллион теңге пара алған полиция бастығы ұсталды
"Аталған факті бойынша құзырлы органдармен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ішкі тексеріс жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда тергеу изоляторының басшысы моншада пара алып жатқан жерінен ұсталған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан