Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы мен "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында шаһар басшысы Ерболат Досаев жеміс ағаштарын отырғызуға қатысты.

27 сәуірде "Таза Қазақстан" республикалық акциясы мен "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында "Алматы – бақша қаласы" жалпықалалық акциясы өтті. Шара барысында 8205 жасыл желек, соның ішінде 4515 жеміс, 1090 жапырақты ағаш пен 2600 бұта отырғызылды.

Қаланың барлық аудандарында ағаш пен бұта көшеттерін жаппай отырғызу шарасы өтті. Жаңа Саин көшесінің шығысындағы БАК бойындағы саябаққа қала басшысы Ерболат Досаев қатысты. Қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен эко-белсенділер бірлескен шара аясында Алатау ауданының аумағында 500 алма мен 500 өрік көшеті отырғызылды. 

Мұндай алма бақ 2270 көшет отырғызылған "ALA" саябағында да пайда болды. Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңына тағы мыңға жуық қатты ағаш көшеттері отырғызылды.
Қаланың әр түкпірінде аудан әкімдіктері алма аллеяларын отырғызды. Онда барлығы 1245 жеміс, 90 жапырақты ағаш пен 2600 бұта, соның ішінде дерен, кизильник, бересклет, снежноягодник және т.б

"Алматы – бақша қала" акциясына қатысушылар көгалдандыруға және қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосып қана қоймай, шығармашылық конкурстар мен белсенді ойындарға қатысты.

Талқылау