Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда талдың түбінен табылған баланың әкесін 11 жылға бас бостандығынан айыру сұралды

Алматының Шығыс айналма жолында өз баласын өлтіруге оқталды деп айыпталған Мұрат Асқар-Оғлыны 11 жыл үш айға бас бостандығынан айыру сұралды. Сотталушының өзі әліге дейін кінәсін жоққа шығарып отыр.

Алматыда талдың түбінен табылған баланың әкесін 11 жылға бас бостандығынан айыру сұралды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды. 

Атышулы іске негізгі сот отырысы шамамен жарты жылға жалғасты. Осы уақытта 25 куәгерден жауап алынды. Сот жарыссөздерінде прокурор Еркін Баймағамбетов сотталушыны қатаң жазаға тартуды сұрады.

«Мұрат Асқар-Оғлыны Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша кінәлі деп танып, аталған бапқа сәйкес, 11 жыл үш айға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеуін сұраймын» - дейді прокурор. 

Сонымен қатар прокурор мемлекеттік сарапшының берген қорытындысы жол-көлік оқиғасы нұсқасын жоққа шығарғанын атап өтті. Айтуынша, баланың киімі мен денесінде ЖКО-ға тән белгілер болмаған.

Ал сотталушы Мұрат Асқар-Оғлының өзі әлі де кінәсін жоққа шығарып отыр. Сотта соңғы сөзін айтқан ол өзін балаларынан ажыратпауды сұрады.

«Мен мұндай әрекетке барған жоқпын. Балалар – мен үшін ең қасиетті дүние. Оларсыз өмірімді елестете алмаймын. Мен мұндай әрекетке баруға ешқашан жол бермейтін едім. Ондай нәрсе ойыма кіріп-шықпайды да», - дейді сотталушы.

Еске сала кетсек, 2018 жылы 16 шілдеде Алматыда Шығыс айналма жолының аймағында 4 жасар бала тал түбінен табылды. Бастапқыда оны көлік қақты деген болжам шықты. Кейін әкесі ұлын өзі ұрғанын мойындап, оған қатысты іс қозғалды. Артынша ер адам өз сөзінен айнып, ұлын ұрмағанын айтты. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...