Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдан Талдықорғанға жеткізілуі тиіс вакцина партиясы жолда бүлінді

Алматыдан Талдықорғанға жөнелтілген "Спутник V" вакцинасының жеті мыңға жуық құтысы жол-көлік оқиғасының салдарынан жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

спутник ви

Вакцина Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілуі тиіс еді. Алайда екпені әкеле жатқан көлік жол апатына ұшыраған. 

"Жол-көлік оқиғасы болған жерден вакцина Алматыдағы мердігер ұйымның қоймасына жеткізілді. Бүлінбеген контейнерлер болды. Тексере келе, вакцинаның 6875 дозасы жарамсыз болып қалғаны анықталды", – делінген ДСМ хабарламасында. 

Министрлік хабарлауынша, бұзылмаған вакцина құтылары да табылған. 

Айта кетсек, "Спутник V" вакцинасының екі компонентінің құны 866,81 рубльге (шамамен 5 мың теңге) тең. Жарамсыз болып қалған 6875 вакцина дозасының бағасы 34,4 миллион теңгеге жетеді. 

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сәйкес бөлу аутсорсингке берілгенін, логистикалық жеткізуші –  "KFK Medservice Plus" ЖШС екенін еске салды.

Сақтау және тасымалдау қызметтерін көрсету шарты бойынша мердігер жоғалған немесе бүлінген тауарларды өтейтін болады. 

Дидар Халық
Сәрсенбі, 30 Маусым, 2021 16:44
Талқылау